Кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің батысы және оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерінде 23-28 м/с-ке дейін күшейіп, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Қарағанды облысында 1-3 градус үсік жүреді. Алматы, Қостанай, түнде Ақтөбе, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында да ауа райы күрт құбылмалы болады.