Кей жерлерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.
Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-25 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.
Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.