Жетімдерге тиесілі үйде әкімдік қызметкерлері тұрып жатыр
Жетімдерге тиесілі үйде әкімдік қызметкерлері тұрып жатыр
257
оқылды

Мұндай жағдай Өскеменде бірінші рет болып отырған жоқ, – деп хабарлайды aikyn.kz «Еуразия бірініші арнасы» сілтеме жасап.

Заңсыздық туралы ең бірінші болып қоғам белсенділері дабыл қаққан. Бұған дейін де бірнеше рет ата-анасыз өскен балалар үйінің тәрбиеленушелері әкімдіктің қитұрқы әрекетіне шағымданған. Бірақ олардың жанайқайына құлақ түрер адам болмаған. Жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тексеріс нәтижесінде, заңсыздықтар анықталған. Олар ұзын-саны 102 пәтерді тексерген. [caption id="attachment_74874" align="alignnone" width="1200"]Жетім Фото: Интернеттен алынды[/caption] Белгілі болғандай, жетім балаларға арналған 15 пәтер жарты жылдай бос тұрған. Оның 10-ы бәзбіреулерге жалға берілді. Ал 2-і қағаз жүзінде балалар үйіндегі кәмелетке толмаған балаларға берілген. Бірақ пәтерде іс жүзінде басқа адам тұрады. Балалар үйінде өскен Александра Талхигованың айтуынша, пәтерде мемлекеттік қызметкерлер тұрады.

«Жетімдер балалар үйінде тұрады. Өйткені кәмелет жасқа толмаған деп айтады. Қала әкімі жиын өткізсек, мүлде келмейді. Біз бірігіп, көп болып барсақ, бізді қабылдауына кіргізеді деп үміттенеміз», – дейді.