«Барыстың» тағы 8 мүшесі коронавирус жұқтырған
«Барыстың» тағы 8 мүшесі коронавирус жұқтырған
150
оқылды
Хоккейден астананың «Барыс» командасының тағы 8 мүшесі коронавирус жұқтырған.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
«Еңбек ұжымдарында коронавирус індетінің таралуы алаңдатып отыр. Нақтырақ айтқанда, осы жылдың 17 қыркүйегінде «Барыс» хоккей командасындағы 40 адамға профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде 11 адамның коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Дәл сол күні қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шығып, сол ұжымда эпидемиологиялық шараларды өткізу туралы шешім қабылданды. КВИ жұқтырғандармен байланыста болған 29 адам анықталды. Бәріне де «Барыс-Аренаға» келуге тыйым салынды», - деді  ол.
Оның айтуынша, 22 қыркүйекте команданың тағы 8 мүшесінен коронавирус анықталған. Олар бұрын жұқтырғандармен байланыста болған.