Кедергі келтірген шенеунік жауапқа тартылмақ
Кедергі келтірген шенеунік  жауапқа тартылмақ
114
оқылды
Аталған кеңестің төрағасы Владимир Шакунның айтуынша, мемлекеттік орган үстірт жұмыс атқарған. Кәсіпкерлермен жұмыс істелмеген, оларға шағымдануға мүмкіндік те берілмеген.
«Бұл жерде 1 251 кәсіпкердің мүддесі қозғалып отыр. Олардың барлығы қиын жағдайға тап болды. Кейбіреулері тіпті шотын ашу үшін қарыздарын төледі. «Жарнама туралы» заңның талаптары анық бұзылды. Бұған түбегейлі баға беру керек. Біз кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қоюға тиіспіз», – дейді ол.
Ал Қостанай облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті   басшысының орынбасары Ерлан Салықбаев 22 қыркүйекте Қостанай әкімдігі сәулет бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік іс қозғалғанын жеткізді.
 «Іс «Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы» бұзу фактісі бойынша қозғалды, шенеунік кәсіпкерлік қызметке айқын кедергі келтірді. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижесі 15 күн ішінде дайын болады. Сондықтан біз қазан айының бірінші онкүндігінде Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында түп­кілікті шешім қабылдауды жоспарлап отырмыз», – деді ол.
Кеңес отырысында белгілі болғандай, жақын арада Қостанайда бизнес-объектілерде тексерулер жүргізетін жұмыс тобы құрылады. Бизнес құқын бұзуды болдырмау үшін оған Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.  

Тұмар МЫРЗА