СҚО-да 184 мыңнан астам құс қырылды
СҚО-да 184 мыңнан астам құс қырылды
165
оқылды
Аймақта құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді.
Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы болса, қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Қанаттылардың өлу жағдайы 40-қа тарта елді мекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр.
Ошақ анықталған елді мекендерден 20-25 шақырым аумақтағы үй құстарына екпе салынып жатыр. Осы күнге дейін 144 мың 338 құс вакцинацияланды.