Есілдің үстінен тағы да жаңа көпір салынады
Есілдің үстінен тағы да жаңа көпір салынады
155
оқылды

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл астанада 150 көше жөнделеді, - деп хабарлайды aikyn.kz.

Есіл өзені мен Нұр-Есіл каналының үстінен тағы бір жаңа көпір салынады.

Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында: «Жаңа жолдар мен көпірлер кептеліс көбейіп жатқан көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасаймыз. Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым», – деп жазды.

Оның айтуынша, әуежай бағыты мен Тельман тұрғын алабы арасын қосатын жол тұрғындарының қалаға қатынайтын жолын мейлінше қысқартады.   [caption id="attachment_75446" align="aligncenter" width="597"]Есіл, көпір Фото: Алтай Көлгіновтың парақшасынан алынды[/caption] Мәңгілік ел мен Ұлы дала даңғылдарындағы кептелісті азайтады.

Осы екі жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір салынып, екі жағалауды жалғайды.

Жыл соңына дейін 150 көшені жөндеу жұмыстары толықтай аяқталады.