Астана тұрғындары түтінге тұншығып жатыр
Астана тұрғындары түтінге тұншығып жатыр
182
оқылды

Бұл туралы aikyn.kz тілшісі www.kazhydromet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кешеден бері астананы түтін басты. Қала халқы қолқаны қабар иістен тұншығып жатыр. Қаланың кейбір аудандарында қалың тұман байқалады.

Синоптиктер ауаның ластанғанын да айтып отыр. Себебі, қалада көмірқышқыл газының монооксидант мөлшері шамадан тыс асқан.

Қаланың оңтүстік-шығыс және Ұлы дала көшелері маңайындағы түтіннен пайда болған тұман сейілмеген.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 10 бақылау бекетінің 5-еуінде ауаның ластанғаны тіркелген.