Бұл туралы aikyn.kz тілшісі www.kazhydromet.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Кешеден бері астананы түтін басты. Қала халқы қолқаны қабар иістен тұншығып жатыр. Қаланың кейбір аудандарында қалың тұман байқалады.Қаланың оңтүстік-шығыс және Ұлы дала көшелері маңайындағы түтіннен пайда болған тұман сейілмеген.Синоптиктер ауаның ластанғанын да айтып отыр. Себебі, қалада көмірқышқыл газының монооксидант мөлшері шамадан тыс асқан.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 10 бақылау бекетінің 5-еуінде ауаның ластанғаны тіркелген.