Головкиннің жекпе-жегін тамашалауға келген Уэйн Руни оған қандай кеңес берді?
Головкиннің жекпе-жегін тамашалауға келген Уэйн Руни оған қандай кеңес берді?
163
оқылды

Футболшы қазір АҚШ-та ойнайды

Футболдан Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Уэйн Руни қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы тартысты жекпе-жекті тамашалады.  

«Бұл керемет әрі тең жағдайда өрбіген кездесу болды. Жеңіс кез келгенге бұйыруы мүмкін. Мен өзім тамашалап, ләззат алдым. Бірақ кездесу дәл осылай аяқталады деп ойламаппын. Әрине, Головкиннің жасы ұлғайып келе жатыр, бірақ ол соның өзінде тартысты жекпе-жекте өзін керемет көрсете білді. 

Головкиннің келесі жекпе-жегіне қатысты қандай кеңес беруім мүмкін? Жәй ғана ұйықтау шығар. Ал шындығына келсек, мен оған кеңес бере алмаймын. Не істеу керектігін ол жақсы біледі» дейді Руни телеарна эфирінде. 

Еске салсақ, 6 қазан күні Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Деревянченконы ұпай санымен жеңіп, орта салмақтағы IBF және IBO белдіктерін иеленді. 

Руни 2018 жылдан бері "Ди Си Юнайтед" клубында ойнайды. Бұл команда сапында 42 кездесуге қатысып, 23 гол соққан.