Алматыда үздік дәрігерлер бас қосты
Алматыда үздік дәрігерлер бас қосты
116
оқылды

Қазіргі таңда асқорыту органдарының аурулары кең таралып кеткен

Алматыда VI Халықаралық «Орталық-Азиялық гастроэнтерологиялық апта – 2019» конгресі өтті. Конгреске қатысу үшін 500-ден астам делегат пен алыс-жақын шетелдерден 75 лектор, гастроэнтеролог, терапев, инфекционист, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, педиатрлар, онкологтар, зертханалық және функционалдық диагностика саласындағы мамандар келді. Қатысушылар негізінен асқазан-ішек жолы ауруларына диагностика жасау және оларды алдын алу мәселелерін, ауруларды төмендету жолдарын, гастроэнтерология саласында аз инвазивті және хирургиялық көмек көрсету мәселелерін, оның ішінде бауыр трансплантациясы мәселелерін талқылады. 

Қазіргі таңда асқорыту органдарының аурулары кең таралып кеткен. Бұл аурулар мүгедектік пен өлімге апарып соқтыру жағынан да алда тұр. Әсіресе, елімізде созылмалы вирустық гепатитке шалдыққандар саны көп. 2019 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша созылмалы С гепатитетіне 27,645, В гепатитіне 19,333, Д гепатитіне 1,290 мың адам шалдыққан. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гастроэнтерология кафедрасының меңгерушісі, бауырды зерттеу бойынша Қазақ қауымдастығының төрағасы Александр Нерсесовтың пікірі бойынша, жол картасы аясындағы іс-шараларды іске асыру: соңғы жылдары Қазақстанда парентералды гепатиттерге диагностика жүргізу, емдеудің тиімділігі мен қол жетімділігін жоғарлатуында маңызды алға басты.  

"Ағымдағы жағдайды бағалай отырып, Жол картасында айтылған міндеттер белгіленген мерзімде шешіледі деген қорытынды жасауға болады. Кеше ДДСҰ конференциясы өтті, біз алғашқылардың қатарында 2017 жылы Жол картасын жасадық, оған сәйкес 18,588 мың пациентке емдеу жоспарланып отыр, олардың 12 мыңы бүгінгі күні вирусқа қарсы терапияны аяқтады, тек 12 мың пациенттің 32-сі ғана емдеуге жауап бермеді, осылайша терапияның тиімділігі 99%-ды құрады. Бізді алда СВГ күресу бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр" деді Александр Нерсесов. 

Қазіргі кезде қазақстандық медицина қызметкерлеріне ең бастапқы сатысында ішектің қабыну ауруларын анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық процедуралардың кең спектрі бар. Жыл сайын Қазақстанда ІҚА емдеу үшін арналған дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жақсарып келетінін сарапшылар белгілеп айтты. Қолда әрқайсы өзіндік ерекшеленетін бірнеше биологиялық препараттар бар, кез келген құралды таңдау нақты жағдайға байланысты болады. Дүниежүзілік фармацевтикалық индустрия ІҚА биологиялық терапиясы үшін әрқашан жаңа, неғұрлым тиімді препараттарды әзірлеуде, ал мамандандырылған зерттеулер дәрігер-практиктерге дұрыс дәрі мен емдеу стратегиясын таңдауға көмектеседі дейді мамандар. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры Айжан Есмағамбетованың айтуынша, ішек ауруларының алдын алу үшін елімізде вакцина жүйесі сәтті жолға қойылған.

«Қазір әлем бойынша басты профилактикалық тәсіл – вакцина жасау. В гепатитіне қарсы вакцинация жасау елімізде 1998 жылы енгізілген. Яғни, барлық кішкентай сәбилер бұл вакцинаны алып жүр. Бұл вакцинаның енгізілуі Қазақстандағы ауру түрінің 60 есеге төмендеуіне мүмкіндік берді. Бұл әрине, оң көрсеткіш. Ал өндіріске келер болсақ, вакциналар шет мемлекеттерден сатып алынады. Бұл үшін бюджеттен арнайы қаржы қарастырылған. Жалпы, әлем бойынша вакцина өндірісімен айналысатын нәбәрі оншақты компания ғана бар» дейді Айжан Серікбайқызы.