Министр көпбалалы отбасының бәріне 42 500 теңгеден бастап төлеу туралы ұсыныс айтты
Министр көпбалалы отбасының бәріне 42 500 теңгеден бастап төлеу туралы ұсыныс айтты
5,224
оқылды

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кірістеріне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға 42 500 теңгеден төлеу туралы ұсыныс айтты.

Отырыс барысында министр қазақстандық балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасыдан екенін алға тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Осыған байланысты көп балалы отбасылардан атаулы әлеуметтік көмек алушыларды алып тастауды және табысына қарамастан оларға қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көп балалы аналардың беделін арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік әл-ауқатын да жақсартады», - деді министр.

Оның айтуынша жәрдемақының көлемі тағы да сараланады. Төрт балалы отбасы айына 42500 теңгеден алады. Бала саны көп болған сайын жәрдемақы 73 370 теңгені құрайды.

Бұған дейін көпбалалыларға жәрдемақыны 50 пайызға көтеру туралы ұсыныс айтылған еді.