Атаулы әлеуметтік көмек алуға екі 405 мыңнан астам отбасы өтініш берген.
Бүгінде екі миллион қазақстандық кедейшілікте өмір сүреді. Әлеуметтік көмекке қазына қаржысынан 204,5 миллиард теңге бөлінген, осыған дейін атаулы көмек 70 пайыз төленген.
Әлеуметтік көмекті алатындар көбісі, яғни 65 пайыздан көбі Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында тұрады. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті алғандардың қатарында елорда, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бар.