Димаш Құдайберген ұстаздарын мерекемен құттықтады
Димаш Құдайберген ұстаздарын мерекемен құттықтады
178
оқылды
Димаш Құдайберген видео құттықтау жолдады.
 «Ең алдымен алғыс айтқым келеді. Мереке қарсаңында түсірілген видео сіздерге деген ыстық лебізімнің, махаббатымның белгісі деп біліңіздер. Қазіргі таңда азды-көпті жетістікке жетіп, алынбас қамалды алып, шыңдарға жетіп жүргеніміз, сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Бізге деген махаббаттарыңыз, тәлімдеріңіз үшін шын жүректен рақмет айтқым келеді. Ұстазым Марат Олжабайұлына ерекше рақмет айтамын. Әлі күнге дейін ағалық, әкелік нұсқауын беріп, шаршамай ұстаздық тәлім беріп жүр. Аманжол Дүйсенұлына рақмет. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді ол.
Әрі әнші Ахмет Жұбанов атындағы колледж ұжымына сәлемін жолдады. Айта кетейік, Марат Әйтімов Димаш Құдайбергеннің колледждегі ұстазы, тәлімгері. Әнші Ақтөбеге келген әр сапарында ұстазымен кездесіп тұрады.