Қызылордада жылқылар белгісіз вирустан қырылып жатыр (видео)

Қызылордада жылқылар белгісіз вирустан қырылып жатыр (видео)

Енді жергілікті тұрғындар жылқыларынан айырылғаны үшін мемлекеттен өтемақы сұрап отыр.

Тұрғындардың бірі Қанатбек Кембай тамыздан бері ауылда 200-дей жылқы өлгенін айтты.

«Ауылда 200-дей жылқы өлді. Олардың неден өлегені белгісіз. Мал өсіріп жүргенімізге 50 жыл болды, бірақ ондай нәрсені көрген жоқпыз» дейді ол.
Жылқылардың немен ауырғаны белгісіз. Әйтеуір, жылқы 10 күннің ішінде ештеңе жемей қояды екен. Содан жадап-жүдеп, артынан өліп қалады. Оларды қанша емдесе де, еш нәтиже болмады. Ең қызығы, айғыр ауру жылқылардың үйірге жолатпай қояды екен.
– Солтүстік аймақтарда тұрғындардың айырылған құстарының орнын толтырып, төлемақысын берді. Бізге де солай көмек берсе екен. Әр үйдің 20-30 жылқы өлді, енді олар не істейді? – дейді Байкенже ауылының тұрғыны Әбдіманап Әкімбек. [embed]https://youtu.be/AFQtjxaJiGw[/embed]