Ақтөбеде мотоцикл жылқыға соқтығысты: жасөспірім жігіт пен қыз қаза тапты
Ақтөбеде мотоцикл жылқыға соқтығысты: жасөспірім жігіт пен қыз қаза тапты
Иллюстрациялық фото
Ақтөбе облысында Yamaha мотоциклі жылқыға соқтығысып, 17 жастағы жүргізуші жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Қайғылы оқиға 29 тамызда Ақтөбе - Солтүстік айналма автожолында Ақшат ауылы маңында болған. Жасөспірім жігіттің мотоцикл айдау куәлігі болмаған. Ол жылдамдықты төмендете алмай, жылқыны соққан. Апат салдарынан жігіт пен қыз оқиға орнында қаза тапты.