Жер бетіндегі ең биік мұнара – Көктөбе! (видео)
Жер бетіндегі ең биік мұнара – Көктөбе! (видео)
1,787
оқылды

Бұл пікірге ешкім сенбей, қарсы келуі де мүмкін. Бірақ Көктөбе жер бетіндегі ең биік мұнара деп дәлелденген.

«Медеу» спорт кешені әлемдегі теңіз деңгейінен ең биік мұз айдыны екенін алматылықтың бәрі біледі. Және оны мақтан тұтады.

Дегенмен Көктөбе телемұнарасына қатысты қызықты факті бар. Оны білсе де, ешкім мән берген емес. Бірақ осы жайт оңтүстік астананың «визитный карточкасына» айналды.

Әлемдегі ең биік телемұнара – Көктөбе. Бұл пікірге ешкім сенбей, қарсы келуі де мүмкін. Иә, Жапониядағы Көктегі ағаш мұнарасының биіктігі 634 метр болса, Көктөбенікі – 371,5 метр. 

Оның үстіне, Көктөбе қаланың кез келген жерінен көрінеді. Бірақ соған қарамастан ол әлемдегі теңіз деңгейінен ең биік телемұнара екен. Мұны бірі білсе, бірі білмейді.

https://youtu.be/S1RD4NNEm-I

Олай дейтініміз, Көктөбе телемұнарасының тұрған жері – теңіз деңгейінен 1080 метр биіктікте орналасқан. Телемұнара Көктөбе жотасына салынып, онымен аттас болғаны есебінен бірге есептеліп кеткен.

Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Қазір оның биіктігі теңіз деңгейінен 1452 метрге жетеді. Сол себіпті, Көктөбе – әлемдегі ең биік телемұнара статусын иемденген.

Сондай-ақ мұнара 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады.