«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады.
Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Кей жерді тұман басуы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейе түседі.Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде қатты жел тұрып, тұман түсуі ықтимал. Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерінде тұман болады. Жамбыл мен Алматы облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүріп өтеді деп күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.