Нұр-Сұлтан қаласы бойынша міндетті медициналық сақтандыру үшін 2019 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 26,5 млрд теңге аударылды.
Медициналық сақтандыру қорына 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (одан әрі – МӘМС) үшін жарна аударыла бастады. 2019 жылдың 30 қыркүйегінде республика бойынша МӘМС үшін түскен жарнаның жалпы сомасы 214,0 млрд. теңгені құрады.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша МӘМС үшін қыркүйек айында түскен аударымдар 26,5 млрд теңгені құрайды. Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер белсенділік танытып келеді, яғни алдыңғы үштікте», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Қазіргі уақытта «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, Қорға жарнаны жұмыс берушілер ғана аударады, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтитын адамдар бірыңғай жиынтық төлем (одан әрі - БЖТ) арқылы жарна төлейді. Яғни, осы төлем жүйесімен жарна төлеу арқылы елордалық өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік алады.
Бірыңғай жиынтық төлем мөлшері: республикалық маңызы бар қалалар үшін - 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш); басқа елді мекендер (аудан, ауыл, т.б.) үшін - 0,5 АЕК.
Бірыңғай жиынтық төлемнің 10% - жеке табыс салығы, 20% - әлеуметтік аударымдар, 30% - зейнетақы жарнасы, 40% - медициналық сақтандыру жарнасы.
2019 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикамызды БЖТ арқылы 144 мың адамнан жалпы сомасы 207,3 млн. теңге жарна түскен. Нұр-Сұлтан қаласынан 3 мыңға жуық адам БЖТ бойынша жалпы сомасы 35,5 млн. теңге жарна аударды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. Соған сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2019 жылдың 20 маусымында № 420 және № 421 Қаулысымен алдағы жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (ТМККК және МӘМС) бойынша көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті. МӘМС жүйесі іске қосылатын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елорда тұрғындарына осы екі түрлі пакет бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Жұртшылық қай пакетте қандай қызмет бар деп бас қатырмайды. Себебі пакеттер нақты бөлініп, қайсысына қандай қызметтер енетіні белгіленген. Негізгі процестерді автоматтандыру, цифрландыру, денсаулық сақтау субъектілері алдындағы кедергілерді төмендету, медицина ұйымдарының санын арттыру арқылы қызмет көрсететін клиниканы таңдау жеңілдейді, процедура бұрынғыдан да ашық жүргізілетін болады.
Осы жылдың 1 қыркүйегінен Медициналық сақтандыру жүйесі пилоттық режимде Қарағанды облысында іске қосылды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан еліміздің барлық аймағында жұмыс істей бастайды.