Талдықорғанда шенеунік пара берді деген күдікке ілікті
Талдықорғанда шенеунік пара берді деген күдікке ілікті
5,204
оқылды

Талдықорғанда халықты жұмыспен қамту Орталығының басшысы пара берді деп күдікке ілікті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі хабарлайды.

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» КММ директорына қатысты пара берді деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. «Ол «Талдықорған қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» МБ басшысының орынбасары арқылы жоспарлық тексеріс еш қатесіз өтті деп акт жазу үшін «Алматы облысы Ревизия бойынша комиссиясы» МБ мемлекеттік аудиттің бас маманына 400 мың теңге көлемінде пара берді деген күдікке ілікті» деп хабарланады.

Ақырғы шешімді сот күдіктілердің қылмысына қатысты шығарады дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.