Түркістан: 53 мыңнан астам адам праймеризде дауыс берді
Түркістан: 53 мыңнан астам адам праймеризде дауыс берді
111
оқылды
Елімізде «Nur Otan» партиясының праймеризі шарықтау шегіне жақындады. Екінші тәулік бойы онлаин дауыс беру жалғасып жатыр. Түркістан облысындағы «нұротандықтар» да белсенді түрде атсалысып, дауыс беру көрсеткіші бойынша республикада екінші орында тұр. 2 қазан, сағат 19.00-дегі дерек бойынша Түркістан облысында 53282 адам өз таңдауын жасап үлгерді. Өңірде 1000-нан астам үміткер бақ сынап жатқанын да айта кеткен жөн. Ал жалпы республика бойынша 461768 адам онлаин дауыс берді. Ертең облыста 209 дауыс беру орны ашылады. Онда үміткерлер онлайн және ғаламтор желісі нашар елді мекендерде қағаз бюллетеньмен дауыс береді. Жалпы облыста дауыс беруге 78262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Тағы бір жаңалық, праймеризге деген қоғамның қызығушылығы жоғары әрі дауыс карантин талаптарын сақтау мақсатында онлаин дауыс беру 4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін созылды. Яғни, партия мүшелері тағы бір тәулік бойы үміткерлерге қолдау көрсетіп, дауыс бере алады. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі