Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар басталады
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар басталады
5,315
оқылды

Ертең Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың ашылу салтанаты өтеді.

Салтанатты шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрұмов және жазушының  замандастары, қабырғалы қаламгерлер мен өнер тарландары қатысады деп күтіліп отыр.                                                                                                                                                                                                                                                     

Ақтаудағы мәдени кешенде Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған  мұражай және кітапхана, фото көрмелері  ұйымдастырылады.                                                   

Ә.Кекілбайұлын тек қазақ елі ғана емес, сонымен қоса орыс, неміс, түрік және т.б. елдерде сүйікті жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таныды. Жазушы мемлекеттік және қоғамдық саяси қызметте де белсенді еңбек етіп, Қазақстанның дамуы үшін аянбай тер төкті. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, ұлтаралық, дипломатиялық, халықаралық т.б. мәселелерінде белсенділік танытты.                                                    

Қаламгердің «Өз басыңнан бақ ауса да, ел басынан бақ аумасын» деген сөзі азаматтық ұстанымының айқын айғағындай. Маржансөз шебері, ұлтжанды саясаткер Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын, оның жалпы мұрасын өсіп келе жатқан ұрпаққа кеңінен дәріптеу Ақтаудағы іс-шараның басты мақсатына айналмақ.