Юрген Клопп «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді
Юрген Клопп «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді
166
оқылды

Бұл командамен тұңғыш рет 2019 жылы Чемпиондар лигасын жеңіп алды

«Ливерпуль» клубының бас бапкері Юрген Клопп қандай жағдайда өз қызметімен қош айтысатынын мәлімдеді.

Егер ойыншылардың бірі киім ауыстыру бөлмесінде Клопптың сөйлеген сөзін видеоға түсіріп, таратып жіберер болса, онда неміс маманы сол сәтте-ақ қызметінен кетпек.

Еске салсақ, осыған дейін австриялық «Зальцбург» клубы бас бапкерінің киім ауыстыру бөлмесінде сөйлеген сөзі жылдам таралып кеткен еді.

«Егер «Ливерпуль» маған қатысты сондай видео таратар болса, онда мен клубтан кетемін. Бұған қатысты басқа ештеңе айтқым келмейді» дейді Клопп.

Клопп «Ливерпуль» клубын 2015 жылдан бері жаттықтырып келе жатыр. Бұл командамен 2018 жылы Чемпиондар лигасының финалисті атанса, 2019 жылы аталған турнирді жеңіп алды.