Партия ардагері де праймеризден шет қалмады
Партия ардагері де праймеризден шет қалмады
122
оқылды
Бүгін Тараз қаласындағы партия ардагерлері де өз таңдауларын жасады.  «Nur Otan» партиясының ардагері Қайрат Шотбақов кеңсесінде онлайн түрінде дауыс беріп, AIQYN тілшісімен орамды ойымен бөлісті. 
- «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің былтыр тамыз айында өткен кеңейтілген отырысында Елбасы - Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын ұсынған болатын. Қазіргі кезде осы құжатта айқындалған бағыттарға сәйкес партияның халықтық негізін айқындай түсуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Сол жұмыстардың бірі де бірегейі - елімізде тұңғыш рет кең көлемде ұйымдастырылып отырған праймериз. Алғашында ел беймәлім терминді тосырқай қабылдағанымен, праймериздің басты мақсаты мықты лидерлерді анықтау және жұмысқа тарту, белсенді және бастамашыл азаматтардың өсуіне «әлеуметтік саты» жасау, жұртшылықты елімізді дамыту жолдарын талқылауға кеңінен қатыстыру екенін және  мән-маңызын түсінгеннен кейін саяси науқанға құлшына атсалысуда. Бір ғана біздің Жамбыл облысында праймеризде бақ сынауға 768 кандидат тіркеліпті. Олардың қатысуымен өткен іс-шараларға, жария пікірсайыстарға жұртшылықтың белсенді қатысуы, аймағымыздағы 53420 партия мүшесінің 95 пайызы авторизациядан өтіп, ішкіпартиялық іріктеуге, дауыс беруге ниет білдіруі Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шешімі дұрыс болғанын, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған праймериздің түпкі мақсатына жеткенін көрсетеді. «Nur Otan» партиясының мүшесі ретінде мен де облыстық филиалға барып, бағдарламалары өзіме ұнаған, жария пікірсайыстарда қарсыластарынан басым түскен кандидаттарға кеңсемде отырып онлайн дауыс бердім. Байқағаным дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Елдің праймеризге қатысуға деген құлшынысы, оның өз нәтижесін беретініне, халықтық партияны одан әрі нығайтуға, Отанымызды дамытуға септігін тигізетініне деген сенімі ерекше, - деді партия ардагері.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы