Олимпиада жүлдегері Таңатаров өз таңдауын жасады
Олимпиада жүлдегері Таңатаров өз таңдауын жасады
219
оқылды
Праймеризге қатысушыларға дауыс берудің соңғы күні өтіп жатыр. Лондон Олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров та өз таңдауын жасады. Кеше Тараз қаласындағы дауыс беру учаскесіне келген мемлекет мақтанышын тілге тартып, праймеризге қатысты ойын білген едік.  – Праймеризден мен ашықтық пен жариялылықты байқадым. Елбасы да, Мемлекет басшысы да әрбір Жолдауында осы ашықтық принципін ұдайы еске салып келеді. Дауыс беру учаскесінде мені жылы қабылдап,  онлайн түрінде дауыс беру тәртібін  жан-жақты түсіндірді. Негізі мұндай әдіс ең бірінші ашықтықты сақтап отыр.  Осы арқылы  әрбір кандидат пен халық қай үміткер алда келе жатқанын көріп отыру мүмкіндігіне ие болуда. Демократиялық теңдік салтанат құрған қоғам осы деп білемін. Рас үміткерлер арасында жасы егде тартқан кандидаттар көрініс табуда. Ол кісілердің ел үшін берері сарқылды дей алмаймын. Алайда праймериз бұл ең бірінші  жастар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі 5 жылға сайланған жас келесі сайлауға дейін мол тәжірибе жинайды. Және сол тәжірибесімен келесі сайлауда тың бағдарламамен келіп, жіберген қателіктерін толықтырады. Сондықтан мен өз таңдауымды жастарға жасадым. Жастар біздің еліміздің ертеңі, – дейді А.Таңатаров.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы