Сұраныс бар жерде – ұсыныс бар
Сұраныс бар жерде – ұсыныс бар
295
оқылды

Өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының негізгі басым­дық­тарына кіреді. Көмірсутек қоры бойынша әлемдегі ең ірі кен орнын игеретін консорциум өнімді бөлу жөніндегі негізгі келісіммен бекітілген өз міндеттемелерін бұлжытпай орындап жүр.

ҚПО 1998 жылдан бері Орал маңын әлеуметтік дамытуға елеу­лі үлес қосуда. Содан бері өңірдің тарихы әлемдік стандарттар дең­гейінде орындалған нысандар құрылысымен тығыз байланысты. Нені, қайда және қашан салу облыс басшылығымен және жоба акционерлерімен бірлесіп ше­шіледі. Бұл сұраныстағы және өзекті жобаларды іске асыруға мүм­кіндік береді. Яғни, шын мәнінде, сұраныс бар жерде – ұсыныс бар.

«Орал» халықаралық әуежайы ғимаратын қайта салу дәл осын­дай құрылысқа жатады. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған әуежайдың барлық өлшемі ескірген. Оның үстіне, 2014-2015 жылдары ұшу-қону жо­лағы қайта салынған болатын. Жаңа бетон төсем төселді және барлық типтегі заманауи ұшақ­тар­ды қабылдауға мүмкіндік бе­ретін жұмыстар жүргізілді. Осы­лайша, әуежай терминалын қайта салу кешенді жобаны іске асы­рудың жалғасы. Қажетті қаржыны «Қарашығанақ Петролиум Опе­рей­тинг Б.В.» компаниясы бөлді. Құрылыс компаниясы директо­рының орынбасары Нұркен Хайруллин атап өткендей, қазір демонтаж жұмыстары жүруде. Аэровокзал бұрынғыдан ұзындау және енділеу болмақ. Жертөле қабатында жаңа жинақтаушылар, Оралға қайтып келгенше қалды­рып кетуге болатын күзетілетін автотұрақ салынатын болады. Аббаттандыру жоспары бойынша саябақ пен жаяу жүру аумағын салу жобалануда. Яғни, бәрі жо­лаушылар және оларды шығарып салушылар мен қарсы алушыларға да қолайлы әрі жайлы болу үшін көзделіп отыр.

Еліміздің батыс қақпасы бол­ған облыс орталығының көліктік-логистикалық орналасуы тап осын­дай тәсіл мен көзқарасты та­лап етеді. Осыған орай, жол­дар­ды қайта құрастыру бағдарламасы қалыптастырылды. Небәрі бірне­ше жыл бұрын Орал маңын елі­міздегі жолдары ең нашар аймақ деп атайтын. Содан бері жағдай едәуір жақсарып келеді. Жол то­раптарын тәртіпке келтіруге кет­кен шығын орасан зор. Сон­дық­тан қанат жайған ауқымды жұмыстарды атқаруға Қарашы­ғанақ мұнай-газ конденсаты кен орны инвесторларының атса­лысуы аса бағалы. Бүгінде Орал­дағы көпір өткелін қайта құ­растыру – ең ірі инвестжобалар­дың бірі, тапсырыс берушісі ҚПО. Ондағы жұмыстар күрделі жөндеу аяқтала салысымен, яғни локомотивтік депо аумағындағы жаңа өтпежол құрылысы дереу басталып та кетті. Екеуі де Орал қаласы үшін стратегиялық ма­ңызға ие. Өйткені «ескі» қала мен оның жаңа құрылыстары арасын бөліп тұрған теміржол торап­та­рының үстімен өтеді.

Қайта құрастыру кезеңінде автомобиль қозғалысы басқа бағ­дарға ауыстырылды. Яғни авто­мобилистер белгілі бір қиын­дық­тарға тап болуда. Сондықтан әри­не, сапалық көрсеткіштерін төмендетпестен жұмыс мерзім­дері және оларды қысқартуға көпір салушылар баса назар ауда­рып отыр. Бірінші өтпежол жоба­ланғаннан бір жарым жылға ер­терек жөндеуден өтті. Қазіргі кезде, мердігер компания бас ди­ректорының орынбасары Төлеген Қарағойшиннің айтуын­ша, жұмыс кестесі жұмыстың аз ғана іркілісін, тоқтап қалуы не­месе баяулауын толығымен бол­дырмайтын есеппен жасалды және осының есебінен жұмысты мерзімінен бұрын аяқтауға бо­ла­ды. Салынып жатқан көпірдегі екі жолақты қозғалыс, бұдан бы­лай төрт жолақты болады. Екі жағынан қосымша жаяу жүру жолдары көзделген. Барлық демонтаж жұмыстары аяқталды, 10 қатар бағандар тұрғызылды. Өтпежолға кіреберіс жерлер са­лынуда және аралық бөрене­лерді монтаждау жүруде. Уақытылы құрылыс материалдары сатып алынды.

– Тапсырыс беруші тарапы­нан тұрақты бақылау жоба жос­парланған сәттен және құрылыс материалдарын сатып алғаннан басталады, – дейді бас директор­дың орынбасары. – Қауіпсіздік техникасы талаптарын, іске асы­ру сапасы мен мерзімдерін сақ­тау – ҚПО негізгі талаптарының бірі. Құрылыс алаңында компа­ния­ның тұрақты өкілі үнемі жү­реді. Бұл кез келген сұрақтарды не­месе туындаған мәселелерді уа­қытылы шешуге септігін тигі­зеді. Әрине, жоғары талаптар қыз­меткерлердің жоғары білікті­лігін қажет етеді. Бұл екі жаққа да пайдалы үрдіс. Өйткені нағыз ше­берлік алдағы жұмыстар үздік­сіз жүретініне сенім артуға мүм­кін­дік береді. Бүкіл ұжым ҚПО әріптестікті және өзінің іскерлік беделін қатты бағалайды.

ҚПО әлеуметтік объектілер тізбесіндегі жол құрылысына ба­сымдық беріледі. Тек облыс орта­лығында ғана емес, кезек шалғай жерлерге де жетті. Сонымен, қа­зіргі кезде Бәйтерек ауданы Белес ауылындағы автожол бөлігінде күрделі жөндеу жұмысы жүруде. Жоба бойынша жолдың және іргелес қосылатын жолдардың негізгі қабаты, жабынын салу көз­делген. Мердігер компания директоры Жанна Кенжинаның ойынша, Батыс Қазақстан облы­сының күрт құбылмалы климаты жағдайында жолдарға әсіресе, беріктіктің жоғары қоры керек. Бұл – тапсырыс берушінің негізгі талабы. Дегенмен мұнда да қауіп­сіздік техникасының ережелері мен нормаларын сөзсіз сақтауды, жұмыс кестесін қатаң сақтауды қажет ететін әбден қолданылған стандартты тәсіл. Пайдаланушы ұйым теңгеріміне жол үш жылдан кейін, яғни кепілдік мерзім аяқ­талғаннан кейін беріледі.

Жол жөндеу жұмыстары об­лыс орталығының екі бөлігінде биыл да жалғасатын болады.

Құрылыс қарқыны қашанда экономика дамуының барометрі болған және болып қала бермек. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­­дығына орай ашылған жаңа алаң Оралдың қарқынды өсіп келе жатқан солтүстік-шы­ғыс бөлігінің орталығына айна­лып келеді. Жеті гектардан астам жерді алып жатыр және архи­тек­туралық бірлікте орындалған бірнеше бөліктен тұрады. «Қа­ра­шығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы қаланың жаңа әкімшілік-мәдени орталығын салуға елеулі үлес қосты. Ауқымды және әбден пысықталған құры­лыстың соңғы нотасы бір жарым мың адамға есептелген көпфунк­циялы мәдениет сарайын пайда­лануға беру болмақ. Оның құ­рылысын да ҚПО қаржыланды­рып отыр. Алайда жұмыс енді басталғанымен, мердігер ұйым директоры Сергей Потиченко осындай орасан зор кешен бүкіл аймақтың мәдени деңгейін арт­тыруға септігін тигізеді деп се­неді. Өйткені оралдықтар алғаш рет шын мәніндегі жаппай көп­шілікке арналған іс-шаралар мен конценттер өткізуге мүмкіндік алайын деп отыр. Көрермендер залынан басқа, мұнда көрме залы, мәжілістер залы орналасатын бо­лады. Жоба бағандары мен ка­пительдері классикалық стильде орындалған.

– Біздің компания аса мол тәжірибеге бай, – дейді Сергей Александрович. – ҚПО ең сы­пайы, тәртіпті және ұқыпты тап­сырыс берушілердің бірі деп айта аламын. Құрылысшыларға қоя­тын жоғары талаптары сапаның халықаралық стандарттарына қол жеткізуге міндеттейді. Апта са­йын құрылыс алаңында ҚПО өкіл­дерінің төрағалығымен лез­демелер өткізіледі. Мұнда аста­р­лап айтқанда «уақытымызды салыстырамыз». Дәл осы ауданда ҚРО қаржыландыруымен тағы да екі нысан – салтанатты оқиғалар сарайы мен жастар мен оқушы­ларға арналған сарай салынды. Бұлар да күрделі жобалар еді, біз оны да табыспен аяқтадық. ҚПО 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, ары қарай да табысты әріптестікте болатынымызға се­нім білдіремін.

Консорциумның әлеуметтік саясатында адам денсаулығы басты құндылық деп жарияланған. Сондықтан дене шынықтыру мен спортты дамытуға арналған жо­балар да басымдық берілгендердің қатарында. Оралдықтар ҚПО тап­сырысымен салынған мұз айды­ны­мен, жабық теннис кор­ты­мен, қалпына келтірілген ста­дион­да­рымен мақтанады. Биыл шалғай­дағы Жәнібек және Жан­ғала ауылдарында денешы­нық­тыру-са­уықтыру кешендерінің құрылы­сы басталды. Жанғалдағы мердігер компанияның құрылыс жөніндегі директоры Жасұлан Мырзабо­латовтың ойынша ке­шеннің жо­басы дәл осы ауылды жерге өте қолайлы. Екі қабатты ғимараттың ішінде ойын, күрес және жеңіл атлетика спорт түр­лерімен шұғыл­дану үшін барлық қажетті жаб­дықтар болады. Жаттығу залында барлық жас­тағы адамдар денсау­лығын шынық­тыра алады.

ҚПО талап етілген әлеуметтік жобалардың қатарына аймақтың денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық база­сын жетілдіру жатады. Облыс ауру­ханалары мен емханалары са­лынуда, жөнделуде және за­манауи құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Мәселен, қазір Оралдағы облыстық клиникалық аурухана аумағындағы №7 емха­нада жөндеу жұмыстары жүруде.

– Мердігерлерді таңдауда жер­гілікті өндірушілерді қолдау прин­циптерін ұстанамыз және әлеу­меттік жобалардағы жұмысқа тек қана қазақстандық компания­лар­ды тартамыз, – деді ҚПО әлеу­меттік-инфрақұрылымдық жоба­лар жөніндегі менеджері Самат Сәрсенғалиев. – Олармен өзара түсіністік бағытта әріптестік қа­рым-қатынастарды дамыту­дамыз. Сапалы құрылыс мате­риал­дарын қолдануды қадаға­лаймыз. Соны­мен бірге қазақ­стан­дық өнімдерге басымдық бе­реміз. Атқарушы билік пен жер­гілікті халықпен әріптестік мәселелеріне баса назар ауда­ры­лып отыр. «Қарашығанақ Пет­ролиум Оперейтинг Б.В.» бір­неше рет «Парыз» республикалық конкурс наградаларымен мара­пат­талды. Бұл дегеніміз – консор­циумның еңбегі мен аймақты тұрақты дамытудағы оның елеулі үлесін мойындау.

 

Серік ӘЛІМЖАН