Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 75% елімізде өндіріледі екен
Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың 75%  елімізде өндіріледі екен
108
оқылды
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.
«Отандық фармацевтика саласында 96 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 33-і дәрілік зат, 41-і медициналық бұйым және 22-сі медициналық техника өндіреді. Бес мыңнан астам адам фармацевтика өнеркәсібінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді. Ірі өндіріс ошақтары еліміздің 4 өңірінде – Алматы мен Шымкент қалаларында, Алматы және Қарағанды облыстарында орналасқан. Олар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар өндірісінің 75 пайызын қамтамасыз етеді», - деді министр.
Сала кәсіпорындарының тұрақты қызметі нәтижесінде 2019 жылы өндіріс көлемі 18 пайызға өсіп, 92 млрд теңгені құрады.