Туберкулездің жаңа түрі таралып жатыр
Туберкулездің жаңа түрі таралып жатыр
182
оқылды

Жыл сайын туберкулездің дәрі-дәрмекке төзімді түрлерінен 250 мыңға тарта адам қайтыс болады. Беларусь, Ресей және Қазақстанда туберкулез жұқтырғандардың шамамен төрттен бірінде бұл дерттің емдеуге қиын түрі табылуда,– деп хабарлайды Euronews.

Мамандардың айтуынша, аса қауіпті аурудан зардап шегетін адамдардың үштен бірі өзінің диагнозын білмейді, медициналық көмекке жүгінбей, өзгелерге жұқтырады. Бұл аурудың белгілері – тоқтаусыз жөтел, шаршау, салмақ жоғалту.

«Туберкулез ауа тамшылары арқылы беріледі. Оны кез келген жерден жұқтыруыңыз мүмкін. Қай елді айтпайық, дерттің алдын алудың ең жақсы тәсілі – туберкулез пайда болған жерде онымен күресу»,– деді Global Fund үйлестірушісі Элиуд Вандвало.