Павлодардағы мектеп асханасынан уланған баланың саны 22-ге жетті
Павлодардағы мектеп асханасынан уланған баланың саны 22-ге жетті
199
оқылды

Павлодардағы мектептердің бірінің асханасында түскі астан кейін уланып қалған балалардың саны 22-ге жетті,– деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарлық дәрігерлер Павлодарское ауылындағы №40 мектептің оқушыларының улану оқиғасын тіркеуді жалғастыруда.

«Бүгінгі күні 22 бала медициналық көмекке жүгінді. Балалар бірінен соң бірі келіп жатыр, себебі, өйткені инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады»,– деді Павлодар облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Ирина Сорокина.

Оның айтуынша, балалар уланған мектептің асханасы қазір жабылған. «Асхана 10 қазаннан бастап мөрленді, барлық үлгілер алынды, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, ол бойынша тиісті шаралар қабылданады»,– деді Сорокина.

Медициналық көмектен кейін кейбір науқастар амбулаториялық емдеуге жіберіліп, қалғандары ауруханаға жатқызылған.

«Қазір ауруханада тамақтан уланған 13 бала бар. Барлығының жағдайы қалыпты. 7 баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты, тағы екеуі амбулаториялық емдеуде»,– деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Күзеков.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні мектеп асханасындағы тамақтан уланған алғашқы 7 бала ауруханаға жатқызылған.