БҰҰ басшысы: Климаттың өзгеруіне қарсы негізгі күрес қалаларда жүруі керек
БҰҰ басшысы: Климаттың өзгеруіне қарсы негізгі күрес қалаларда жүруі керек
211
оқылды

Қазіргі уақытта әлем халқының үштен екісі тұратын қалалар климаттың өзгеруімен күресуде басты рөл атқарады. Тұрғындар өздерінің әкімдерінен ұлттық көшбасшыларды орнықты даму жолына түсуге мәжбүрлейтін шешімді әрекет күтеді. БҰҰ Бас хатшысы бұл туралы Копенгагендегі саммитке жиналған C40 желісіне қатысатын қала басшыларының алдында айтты.

Антониу Гутерриш климат дағдарысы жағдайында ірі қалалар «құтқарушы» рөлін ойнауы керек деп атап өтті. 

«Қаланың инфрақұрылымына қатысты шешімдер – құрылыс, тұрғын үй, энергия тиімділігі, энергия өндірісі және көлік, алдағы бірнеше онжылдықта қабылданатын парниктік газдар шығарындыларының динамикасына үлкен әсер етеді»,– деді ол.

БҰҰ басшысының айтуынша, жеке компаниялар, мемлекеттерге қарағанда қала билігі климатты қорғауда әлдеқайда тез және нәтижелі әрекет етеді

«Копенгаген 2025 жылға қарай шығарындыларды нөлге дейін төмендетуге уәде берді» деді БҰҰ басшысы. «Қазірдің өзінде, қаланы қайта өңдеу саясатының арқасында көміртегі шығарындыларының жылдық мөлшері 20 мың тоннаға азайды».

Қала билігі сонымен бірге ауаның ластануын азайту, төмен көміртекті тамақ өнімдерін өндіруге көшу шараларын қолға алуда, бұл планета мен оның тұрғындарының денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Әлемнің қазіргі даму қарқыны температураның 3 градусқа көтерілуіне әкеледі. Ғаламшардағы жылыну апатының алдын алу үшін температураны 1,5-2 градустан асырмауымыз керек. Бұл Париж климаттық келісімінде қойылған талап.

Бас хатшы, сол себепті дүниежүзіндегі мемлекеттерге парниктік газдар шығарындыларын нөлге дейін төмендетуге міндеттеме қою керек екенін жеткізді.