Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
5,300
оқылды

Ақтауда Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығы аясында салтанатты жиын өтті. Республиканың түкпір-түкпірінен абыз жазушының 100-ге жуық замандасы жиналды.

Жиында сөз алған аймақ басшысы Серікбай Трұмовтың айтуынша, ойдан, қырдан, алыстан, жақыннан ағылған ағайын, сан мың жылдықтарда біртуар тұлға өз Әбішін іздейді. Кездесуді аңсайды. Рухымен тілдеседі.

«Қазақтың дархан даласын толтырып тұрар халқым болса деймін, төбесі қарайған әрбір затқа қуанамын» деп армандаумен, қуанумен өмір сүрген Әбіш ағаның көкірек сарайы дария, пейілі неткен кең еді. Әдетте, біз көзі тірісінде халқына қалқан бола білген, бойындағы бар күш-қуаты, білім-білігі, қабілет-қарымын елінің болашағы үшін арнаған, атам қазақ рухын жалпы әлемге паш еткен кесекті ер екенін білеміз. Сіз бен біздің осынау мерейлі кезеңде бас қосудағы ұлы миссиямыз да сол ғибратты ғұмыр иесін ұлықтап, артына мирас еткен мұрасын қастерлеу болса керек»,– деді Серікбай Трұмов. Өңір басшысы атап өткендей, Әбіш Кекілбайұлы Елбасымен бірге жүріп, Тәуелсіз Қазақстанның іргесін бекітіп, мемлекетшілдіктің, саяси қайраткерліктің сындарлы үлгісін көрсете білді. Ол сондай-ақ Маңғыстау өңіріне сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының мерейтойын жоғары деңгейде өткізуді жүктегенін еске алды.