«Халық алғысы» медалі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарға берілді. Соның ішінде Илья Ильинге медальді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметов табыстады.
«Спортшы ретінде жеткен жеңістерім үшін бүкіл халықтың құрметі мен ризашылығын сезінемін, сондықтан бұл медальді үлкен құрметпен қабылдадым», - деп жазды спортшы.
[embed]https://www.instagram.com/p/CGAL837hSsa/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]
Сонымен қатар спортшы Серік Әбжәлиұлына құрметін білдіріп «Медаль карантин кезіндегі белсенді волонтерлік қызмет үшін берілді. «Халық алғысы» медалін алған барлық азаматты құттықтаймын. Игі істерді көбірек жасайық!» деп қуанышымен бөлісті.