Баланы қағып кеткен жігіт Оңтүстік Кореяға оралды
Баланы қағып кеткен жігіт Оңтүстік Кореяға оралды
192
оқылды

Оңтүстік Кореяда жеті жасар баланы көлігімен қағып кеткен қазақстандық Оңтүстік Кореяға оралды. Бұл туралы M.yna.co.kr басылымы хабарлайды.

Айыпты Кореяға барып, болған жол апаты үшін кешірім сұраған.

Бұған дейін қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда дүкеннен қайтып келе жатқан баланы қағып кетіп, қылмыс орнынан ізін суытқаны хабарланған еді. Кейіннен ол Қазақстанға қайтып келген. Бала жансақтау бөліміне түскен: оның 18 жері сынған, басынан жарақат алған. Айыпты Павлодардан табылды.

Жол апатынан кейін Оңтүстік Корея мигранттарға қатысты заңды күшейтті.