Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары Президенттерінің Қырғыз Республикасындағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары Президенттерінің Қырғыз Республикасындағы оқиға туралы бірлескен мәлімдемесі
282
оқылды
Біз ғасырлар бойы ажырамас достық, тату көршілік байланыстары мығым, мәдени және рухани құндылықтары ортақ жақын көрші елдер ретінде Қырғызстан халқын осы қиын күндерде парасаттылық танытуға, елдегі бейбіт­шілік пен тұрақтылықты қай­та қалпына келтіруге шақырамыз. Қырғызстанның барлық саяси пар­тия­лары мен қоғамдық ұйымдары бей­біт­шілік пен тыныштықты қамтама­сыз ету үшін қажетті күш-жігерін біріктіріп, туындаған мә­се­­лелерді Конституция мен ұлттық заңнаманы сақтай отырып шешеді деп үміт­тенеміз. Қырғызстандағы тыныштық – өңір­лік қауіпсіздік пен Орталық Азия­дағы орнықты дамудың маңызды факторы. Елдеріміздің өткен жолы бір және болашағы да ортақ. Орталық Азия ха­лықтарын келешек ұрпақтың игілігі жолындағы берік бейбітшілікке, келісім мен жасампаздыққа ұмтылысы бірік­тіреді. Мемлекеттеріміз ортақ мақсатқа біріге отырып, сауда-экономикалық, инвес­тициялық, көлік-коммуника­ция­лық және мәдени-гуманитарлық бай­ланыстарды, шекаралық және өңір­аралық іс-қимылдарды күшейту жө­нін­дегі аймақтық ынтымақтастықты белсенді нығайтуда. Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мақсатында біз Қырғызстан халқының бірлікке, бей­бітшілікке, дербес дамуға және өр­кендеуге деген ұмтылысын үнемі қол­даймыз.