Абай есімімен аталады
Абай есімімен аталады
111
оқылды
Салтанатты шараға өңір басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, сөз сөйледі. «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өңірде биыл мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Абайдың шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бабаларымызға көрсеткен құрмет ретінде облысымыздың екі мектебіне Абай және әл-Фарабидің есімдері берілді. Степногорск қаласының төрт мектебі тарихи тұлғалардың есімдерімен қайта аталды. Ұлы тұлғаларымыздың есімдері одан әрі насихаттала береді», – деді аймақ басшысы. Шара барысында жиналғандар мектеп жанындағы Абай аллеясында тал отырғызды.
 

Ж. НҰРЛАН