2 азамат темекі бермей қойған жасөспірімдерді балағаттап, жазаламақ болған
2 азамат темекі бермей қойған жасөспірімдерді балағаттап, жазаламақ болған
164
оқылды
Pavlodarnews.kz. мәлімдеуінше, балаларды аңдыған екі ер адам қамауға алынды. Оқиға Палодарда болған. Іс материалдары бойынша, облыс орталығының 32 және 28 жастағы тұрғыны жерасты өткелі жолында өтіп бара жатқан үш жасөспірімнен темекі сұраған. Ер адамдардың өздері мас екен. Олар темекі жоғын айтып, салқындық танытқаны азаматтардың ашуына тиген. Олар балаларды балағаттап, жасөспірімдерді ұрып-соғып жазалайтынын айтып, қорқытқан. Сол кезде өткіншілердің араларынан өткенн пайдаланып, балалар олардың қашып кеткен. Соған қарамастан ер адамдар балалардың артына түсіп, Астана көшесінде орналасқан "Зимняя вишня" кафесінің маңында ұстап алған. Бірақ сол аралықта оқиға орнына келген полицейлер екі азаматты ұстап, қамауға алып кетті. "Құқық бұзушылықтар ауырлататын жағдайларда жасалған: мас күйде, кәмелетке толмаған балаларға қатысты. Құқық бұзушылардың біреуі осы бап бойынша бір жыл аралығында әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - дейді сот өкілдері. Екеуі де Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылып, бірі 5 тәулікке, екіншісі 7 тәулікке қамалды.