Сальвадор Далидің картинасы 32 секунд ішінде қолды болды
Сальвадор Далидің картинасы 32 секунд ішінде қолды болды
5,100
оқылды

Сан-Францискодағы галереядан белгісіз біреу Сальвадор Далидің құны 20 000 долларға бағаланған жұмысын ұрлап кетті. Бұл туралы ABC7 News хабарлады.

Сан-Францискодағы Деннис Рейн бейнелеу өнері галереясынан Сальвадор Далидің «Өртенген керік» атты туындысын қолды болды.

«Күдікті галереяға елеусіз кірген. Мүмкін ол менің бір қызметкерімнің көңілін аударған шығар»,– дейді галереяның директоры Анжела Келлетт. Бақылау камераларынан алынған видеоға қарағанда, ұрының көмекшісі – әйел адам оны ғимараттың кіреберісінде күтіп тұрған. Сәл уақыттан кейін галереядағы бақылау камерасы өшірілген, бірақ қолына картина ұстаған күдікті бірнеше көшедегі камераларға түсіп қалғаны анықталды. Аталған қылмысқа бар-жоғы 32 секунд уақыт кеткен.

Белгісіз себеппен сурет қабырғаға берік бекітілмеген, сондықтан қылмыскер оны оңай шешіп алған, деп жазады ABC7 News.