Экология мәселесіне салғырт қарауға болмайды
Экология мәселесіне салғырт қарауға болмайды
95
оқылды
Отырысқа мемлекеттік орган­дардың, «Атамекен» ҰКП-ның, ірі отандық кәсіпорындардың басшы­лары, эколог-сарапшылар, сондай-ақ азаматтық қоғам өкіл­дері қатыс­ты. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ­­­­­­­­ма­­­тулин Мемлекет басшы­сы­ның Қазақ­стандағы эколо­гиялық жағдайды жақсартуға ерек­ше назар аударғанына тоқталды. Экология, геология және таби­ғи ресурстар министрі Мағзұм Мыр­­зағалиевтің айтуынша, жаңа Экологиялық кодекстің 7 негізгі бағытын іске асыру атмосфералық ауаның жағдайын жақсартуға және қалдықтарды қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Олар­дың ішінде – «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидаты, ол озық қолжетімді технологияларды енгізу негізінде кешенді рұқсаттарды, сон­дай-ақ экологиялық заңнаманы бұзу кезінде шараларды қатаң­датуды көздейді. Озық қолжетімді техноло­­гия­ларды енгізу шартымен I санат­тағы объектілер үшін кешенді эколо­гиялық рұқсаттарға көшу тура­лы норма қызу талқыланды. Заң жо­басын әзірлеушілердің пі­кірінше, технологиялық процес­терді жаң­ғырту қоршаған ортаға эмиссияны төмендетуге мүмкіндік береді. Кә­­­­­­сі­порындар үшін ынта­ландыру шаралары ретінде кә­­сіпорындарды қолжетімді техно­логиялар енгізіл­ген жағдайда эко­ло­гиялық төлем­нен босату, керісін­ше жағдайда эмиссия үшін төлемді біртіндеп арттыру ұсынылады. Осындай норманың қажет­тілі­гімен келісе отырып, Мәжіліс де­пу­­таттары объективті себептер бойынша 10 жыл ішінде қолжетімді технологияларды енгізуге бөлінетін кәсіпорындарға қатысты жекелеген көрсеткіштер бойынша белгіленген нормативтерге қол жеткізу мәселе­сін көтерді. Ал қолжетімді техноло­гияларды енгізу бойынша міндет­темелер орындалмаған жағдайда барлық жылдар үшін төленбеген экологиялық төлемдер түрінде арт­тыру коэффициенттері мен өсі­мақы­­ла­ры бар айыппұл санк­ция­­­л­ары көзделеді. Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ ұсынылып отырған нормаға қа­тыс­ты мәселені көтерді, оған сәй­кес біздің елде ЕурАзЭҚ техни­­­калық регламентінің талап­тарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын өндіруге және пайда­­лануға тыйым салынады. Осы жағдайға Мәжіліс депутаттары алаңдаушылық біл­­дірді. Себебі бұдан ауыл тұрғындары зардап шегуі мүмкін. Өйткені олар­­дың көпшілігі әлі күнге дейін ескі ауыл шаруашылығы техника­сын пайдаланады. Отырыс барысында депутаттар экологиялық сақтандыру мәселесін де көтерді. Бұл тек I санаттағы объектілер үшін міндетті болады деп көзделеді. Сонымен қатар елі­міз­де шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түр­­лері санатына жататын II санат­тағы 2 мыңнан астам объект және III санаттағы 3 мыңнан астам объект бар. Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл нысандарды эколо­­гиялық сақтандырумен де қамту керек. Атап айтқанда, «ТАЛАП» қол­данбалы зерттеулер орталы­­­ғының директоры Рахым Ошақбаев ауа сапасы туралы ақпаратқа қолже­тімділік туралы мәліметтің маңы­зын атап өтті. Сондай-ақ жаңа Эко­­­­­­­­­­­логиялық кодекстің жо­ба­сында жергілікті атқарушы ор­гандар эко­­ло­гиялық төлемдер тү­сі­мі есебінен 100% көлемінде та­­би­ғат қорғау іс-шараларын қар­­­­­­­­­­­жы­­лан­дыруға мін­­детті болады деп көз­деледі. Талқылау барысында Эколо­гиялық кодекс жобасымен жұмыс туралы айтқан «Серпін» ұлттық бі­лім және инновациялар палата­сы­ның президенті Мұрат Әбенов жұрт­шылық көтерген көптеген мә­­се­лелердің осы кодекс жобасын­да бар екенін атап өтті.  Ал Қазақ­стан­ның экологиялық ұйымдары қауымдас­тығының төрайымы Ай­гүл Соловье­ва Экологиялық кодекс мемлекеттің халық үніне құлақ аса­­­­­­­ты­­нына үлгі болуы тиіс еке­нін жә­не кодекс жоба­сында көп нәрсе ескерілгенін  атап өтті.  

Ж.НҰРЛАН