«Дүйсенбілік футбол – 2020» жеңімпаздары марапатталды
«Дүйсенбілік футбол – 2020» жеңімпаздары марапатталды
228
оқылды
Алматыда «Дүйсенбілік футбол – 2020» жеңімпаздары марапатталды. 5 қазаннан  жұмысшы жастар арасында футболдан турнир басталғанын бұдан бұрын да хабарлағанбыз. Жарыс «Jas Otan» жастар қанатының 20 жылдығына арналды. Қалалық кәсіпорындар қызметкерлерінен жиырма команда қатысуға өтінім берді. Айта кету керек, ойыншылардың жасы 35-ке дейін. Бұл – басты талаптардың бірі. Турнирге базарлардың, қызмет көрсету орталықтарының, шаштараздардың қызметкерлері қатысуға ниет білдірді.

Бүгін жеңімпаздардың есімдері белгілі болды. Бірінші орынға белгіленген 300 мың теңге сомасындағы сертификатты «Алматы 1» командасы алды. Екінші орынды «Тигрохауд» командасы иеленіп, оларға 200 мың теңге ақшалай сыйақы берілді. «Байқоңыр» командасына үшінші орын үшін 100 мың теңге жүлде табысталды.

футбол Сонымен қатар, турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясында Асхат Оралбаев, «Үздік шабуылшы» номинациясында Әсет Исабаев, «Үздік қақпашы» номинациясында Мұхит Семейжанов марапатталды.

«Жалпы турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Барлық командалар мықты болды. Әр ойын тартысты өтті. Ең жағымды болғаны түрлі эмоциялар. Осындай турнирлердің жиі өткенін қалар едім. Жастар спорт алаңдарында жиналды. Ұйымдастырушыларға рақмет!», – деді турнирге қатысушы Нұрдәулет Мұратбеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Дүйсенбілік футбол – 2020» турнирі республиканың 5 өңірінде өтіп, оған 100-ден астам команда қатысты. футбол «Жарыс аясында 20 команда арасында 48 ойын өтті. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жартылай финалға 4 команда, одан кейін финалға 2 команда өтті. Бұл турнир – республиканың жұмысшы жастары үшін жақсы ынталандыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Мұндай іс-шаралар жалғасады», – деді «Jas Otan» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов».