Парижде динозаврдың қаңқасы 3 млн еуроға сатылды
Парижде динозаврдың қаңқасы 3 млн еуроға сатылды
Парижде динозаврдың қаңқасы бәссаудаға қойылып, 3 миллион еуроға сатылды.

Бастапқы бағадан екі есеге көп. Сүйегінің 70%-і сақталған қаңқаның биіктігі үш метрден асады, ұзындығы шамамен 10 метр. Ал қаңқасының жасы 150 миллион жылдай.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы уақытта динозавр сүйектеріне деген қызығушылық арта бастаған. Оны өткен аптада Нью-Йорктегі Christie's бәссаудасында орнатылған рекордтан да аңғаруға болады. Телефон арқылы өткен сауда кезінде Стэн есімді тираннозавр 32 миллион долларға сатылып кетті.