Алматы қалалық Әділет департаментінің өкілі жынысын ауыстырып, жаңа куәлік алатындар жайлы айтты.
Соңғы үш жылда 10 адам жынысын ауыстырып, жаңадан куәлік алған. Департаменттің ресми өкілі Әсемгүл Батыргереваның айтуынша, 10 адамның 4-уі ер адамнан әйелге айналса, 6-уы әйелден еркекке айналған.
Оның айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 257-бабының 13-тармағында жыныс ауыстыру тәртібі көрсетілген. Жеке куәлікті ауыстыру үшін АХАЖ бөліміне барып, жыныс ауыстырғаны туралы акт толтыру қажет.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Жыныс ауыстыру: азғындық па, амалсыздық па?» деп жазған болатынбыз.