Елбасы төрағалығымен өткен Парламенттегі жиынның толық нұсқасы «Астана» телеарнасынан беріледі
Елбасы төрағалығымен өткен Парламенттегі жиынның толық нұсқасы «Астана» телеарнасынан беріледі
5,123
оқылды

18 қазан сағат 21:00-де «ASTANA» телеарнасында партия төрағасы, Тұңғыш Президент-Елбасының және Үкіметтің қатысуымен өткен ҚР Парламентіндегі Nur Otan партиясы фракциясы отырысының қорытындысы бойынша дайындалған арнайы репортаж көрсетілімі болады.

Іс-шара барысында Үкімет Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы бойынша есеп берді. Елбасы Парламенттегі партия фракциясына «Сенім. Диалог. Болашаққа деген сенімділік - Nur Otan партиясының жеті серпіні» атты партия жариялаған жүйелі жаңғыру шеңберінде бірқатар міндеттер қойды. 

Жүйелі жаңғырудың басты мақсаты: Nur Otan партиясы – билік пен халық арасындағы тиімді көпір, сондай-ақ әр қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту жөніндегі мемлекеттік институттарға қоғамдық ықпал етудің басты құралы.