Екі ғасырдың ақыны елге оралды
Екі ғасырдың ақыны елге оралды
5,172
оқылды

Дендер топырағында дүбірлі рухты шара өтті. Зар заман ақыны Мұрат Мөңкеұлы мен қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың ескерткіштері ашылды.

Еліміздің бас қалалары мен ай­мақтардан келген қонақтар, жер­гілікті тұрғындар, Сенат және Мәжіліс депутаттары, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің қаты­суы­мен өткен ескерткіштердің ашылу салтанатында облыс әкімі­нің бірінші орынбасары Серік Шәпке­нов аймақ басшысы атынан халықты қуанышты күнмен құт­тықтады.

Ескерткіштің ашылуында сөз алған жазушы Мереке Құлке­нов замана шежіресін, дәуір шын­ды­ғын, халық қасіретін тайсалмай жырлаған Доспамбет, Қазтуған, Махамбеттей ұлт тұлғаларының бай мұрасын бүгінге жеткізген Мұрат Мөңкеұлының рухы ұрпақ­тың намысын қайрап, ұлттың еңсе­сін түсірмейтінін айтып, ақпа ақын­ның ескерткіш болып ора­луы­мен жұртшылықты құттық­тады.

Махамбет батырдың арғымағы­ның тұяғының ізі қалған Дендер ау­даны орталығында тұғырға тұр­ған ескерткіштің авторы Қазақ­стан Суретшілер одағының мүше­сі, бел­гілі гобеленші Жақып Құтты­бек. Ескерткіштің биіктігі – 7 метр. Таза қоладан құйылған ақын тұл­­ғасы халықтың санасында мәң­гі­лік жаңғырып, ұлттың замана тағ­ды­рын ұмыттырмайтынымен ай­шық­талып тұрғандай.

Зар заман ақыны Мұрат Мөң­ке­ұлының келешек үнін жалғай кел­ген қазақтың тұңғыш бард ақы­­ны Табылды Аяшұлының ес­керт­­­кішінің ашылу салтанаты да жиыл­ған жұртшылықты тебі­рен­тіп, жанарлардан жас төгілтіп, есте қалды.


Махамбет бабаның жасында дү­­ниеден өткен барды ақын Та­был­­­дының ескерткішіне аңға­рым­­­­­­паздықпен қараған адам ес­­­­­керт­­­­кіштің әр деталі сөйлеп тұр­­­­ға­­­­­нын аңғара алады. Елу жасқа да жетпеген ақынның құлпытасы іс­петті биіктіктің төрт бөліктен сәл жоғарылап келіп қиғаштай ке­­сі­луі оның қай жаста дүниеден өт­­кенін меңзеп, ұшар басына құс­­тарды қойғаны да Табылды шыр­­қаған әндердің өміршеңдігін суреттеп тұрғандай әсер қалдырса, ақын­ның гитарасымен тұрған алып тұлғасы, туған жерінде жоқ тау­­дың биіктігіндей болып өт­ке­­нін паш етіп тұрғандай. Елі­міз­­ге белгілі мү­сін­ші Бахытбек Мұхамеджа­нов қолтаңбасы болған осынау кіші сәулетті компози­ция­лық ескерткіштің әр деталіне үңіле қара­ған қарасы қалың жұртшылық легі біразға дейін ескерткіш алдын­да аял­дап қалды.

Табылды Досымовтың ескерт­кішінің кең аумақты саябақта тұруы болашақта ескерткіш ал­­ды бард ақынның өнерін жал­ғас­ты­рушы өнерпаздарды алдына шоғырландырып, саябақта Табыл­ды әндері шырқалып тұрарынан хабар бергендей...

Қос ақынды тұғырына тұрғы­зып, қуанышқа кенелген халық Мә­де­ниет үйінде «Мұраттан Та­был­дыға дейін – Ұлылар үндес­кен күн» атты сахналық қойылым, кон­­церттік бағдарламамен жал­­ғасты.


Атырау облысы