Трамп ғарышқа хабарласып не деді?
Трамп ғарышқа хабарласып не деді?
97
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп ашық ғарышқа алғаш рет ұшқан NASA-лық әйелдер Кристина Кук пен Джессика Мейрді құттықтау үшін ғарышқа хабарласты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Станция, бұл президент Дональд Трамп. Мені естіп тұрсыздар ма?», - деген президент біраз секундтан кейін Д.Мейрдің сабырлы дауысын естиді: «Иә, мен сізді естіп тұрмын».

Әйелдердің ғарышқа ұшқанын айтқан президент «Сіздердің жасап жатқандарыңыз керемет іс, сіздер өте батыл жансыздар, мен мұндай қадамға бармас па едім», - деді Трамп.

Кристина Кук пен Джессика Мейр ашық ғарыш кеңістігінде шамамен алты сағат өткізді. Олар Халықаралық ғарыш станциясының америкалық сегментінде электр жабдықтарын ауыстырып, бірқатар міндеттерді орындады.