Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов Берчукпен жұдырықтасады
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов Берчукпен жұдырықтасады
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайыновтың (11-0, 8 КО) рингке шығатын уақыты белгілі болды. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады.  Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы 25 қазанда ресейлік Руслан Берчукпен (13-12, 4 KO) жұдырықтасады. Еске сала кетсек,  Құсайынов былтыр ақпанда Мексикада жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңген болатын. https://www.instagram.com/p/CGXYMDnnHGy/