Қазақстандық спортшылардың шетелге шығуына тыйым салынды
Қазақстандық спортшылардың шетелге шығуына тыйым салынды
233
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты қазақстандық спортшыларға шетелге шығуға тыйым салды.
«Әлемде сырқаттанғандардың өсуіне байланысты, шекарада бақылауды күшейту мақсатында спортшыларға оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысу үшін елден шығуға тыйым салынды. Украина, БАӘ, Германия және Беларусь Республикасына әуе рейстерінің саны қысқарды. Анықтамалар болмаған кезде екі жақты халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді ПТР-тестілеу енгізілді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасында.
Спорт порталының мәліметінше, футболдан Қазақстан құрамасы, «Астана» баскетбол клубы және «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда күнтізбелік матчтар өткізеді. Олар бойынша жеке шешім қабылдануы мүмкін.