Мұрат Мөңкеұлы мен Табылды Досымовқа ескерткіш қойылды
Мұрат Мөңкеұлы мен Табылды Досымовқа ескерткіш қойылды
506
оқылды

Индер ауданында әйгілі ақын, жырау Мұрат Мөңкеұлына және қазақтың тұңғыш барды, ақын Табылды Досымовқа ескерткіш орнатылды,– деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мұрат Мөңкеұлына қойылған мүсіннің авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құттыбек Жақып.

Қоладан құйылған ескерткіштің биіктігі – 7 метр. Халық арасында Мұрат Мөңкеұлы азаттық үшін күрескер тұлға ретінде танымал, өршіл рухты ақын, айтулы жырау болған. Ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов қатысып, аймақ басшысының атынан құттықтауын оқыды. «Мұрат Мөңкеұлын білмейтін қазақ жоқ. Біздің міндетіміз – ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан жыраудың асыл мұрасын сақтау. Бүгін екі бірдей тұлғаның ескерткіші ашылды. Бұл облыс тұрғындары үшін керемет сыйлық»,– деді Серік Шапкенов. Сол күні қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылда Досымовқа арналған ескерткіш ашылды.

Іс-шараға ақынның замандастары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Т.Досымовтың қоладан құйылған ескерткішінің биіктігі 2 метр 60 сантиметр. Гранит тастан жасалған баған түріндегі сәулеттік композицияның биіктігі шамамен 4,5 метр, оған ақынның өлеңдері жазылған. Жоба авторы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжанов.