Елордада ерекше балалар арасында сайыс өтті
Елордада ерекше балалар арасында сайыс өтті
597
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «№2 арнайы мектепте» жыл сайын «Алтын қол шебері» атты қалалық байқау өткізу дәстүрге айналған. Мектеп осымен он екінші рет ерекше білімге қажеттілігі бар оқушылардың сайысын өткізді. Іс-шараға қаладағы 16 инклюзивті мектептен 56 ерекше бала қатысты.

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тақырыбында өткен сайыс қалалық Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шара барысында ерекше білімге қажеттілігі бар балалардың еңбекке баулу және түрлі үйірме сабақтарында орындалған жұмыстарф көрмеге қойылды.

«Алтын қол шебері» байқауы 6 номинация бойынша өтіп, жеңімпаздар анықталды. Құрастыру номинациясы бойынша, №2 Арнайы мектеп оқушысы Левчук Виталий 1 орынға ие болса, тігін ісі номинациясы бойынша аталған мектептің оқушысы Ольга Санкевич үздік атанды.

Сондай-ақ, №13 мектептен Аслан Бикинин бейнелеу өнері номинация бойынша 1 орынды иеленсе, аспаздық өнері бойынша №2 арнайы мектептің оқушысы Дариға Елубаева үздік шықты. Ал, қағазбен шығармашылық жұмыс бойынша №13 орта мектебінің оқушысы Сабина Ходжаева, илеу номинациясы бойынша №41 орта мектебінің оқушысы Алина Рахымжанова бірінші орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, №2 арнайы мектеп оқушылары, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы, №1 балалар шығармашылық мектебі, №65 мектеп-гимназиясының өнер жұлдыздары қонақтар мен қатысушыларға арналған шағын концерт көрсетті.

Әр номинация бойынша сайыс женімпаздарына Дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді: 1 орын үшін Планшет – «Әділет» кәсіподағының төрайымы атынан, 2 орын үшін «Қуаттау құрылғысы» ТОО «АMANAT servisi» атынан, 3 орын үшін 5000 теңге көлемінде сертификат ұсынылды.

Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға сертификат пен кітап және «Мир и капелька в любви» қоғамдық қоры атынан тәтті балмұздақ таратылды.