«Мұның бәріне қалай тосқауыл қоямыз?»: Мейрамбек Бесбаевтың қазіргі шоу-бизнеске көңілі толмайды
«Мұның бәріне қалай тосқауыл қоямыз?»: Мейрамбек Бесбаевтың қазіргі шоу-бизнеске көңілі толмайды
139
оқылды
Қазақтың «Бозторғайы» Paparazzi бағдарламасында  қазіргі әндерді, кино туындыларды сынға алды. «Штраф салу керек па, білмеймін. Жауапкершілік жоқ болып кетті ғой әншілердің, әртістердің. Тайраң-тайраң, қалай болса солай. Мұны қадағалау керек деп ойлаймын. Халықты бір күндік күлкіге қарық қылатын шығар. Өкініштісі сол болып тұр. Оны қадағалайтын «Қазақфильм қайда? Біздің министрлік қайда? Әркім осылай түсіре беретін болса, ертең біз қандай кино түсіруіміз мүмкін?», – дейді ол. Ең сорақысы сол, қазіргі әншілер балағаттап ән айтатын болған. Әнші мәселені бұлай қалдыруға болмайды деп есептейді. Өйткені осылай кете берсе, ертеңіміздің не болары белгісіз. «Бірі балағаттап ән айтады. Бірі төсін ашып, жалтырап жүреді. Біреуі кинода сүйісіп жатады. Қазір шығып жатқандар бір-ақ күндік ғұмыры қысқа кинолар. Ақша үшін түсіріліп жатыр. Жауапкершелік жоқ. Ақша алса болды», – деді әнші. .