Еңбекке жарамды қанша адам түрмеде отыр?
Еңбекке жарамды қанша адам түрмеде отыр?
301
оқылды

Қазақстанда 14 мың адам түрмеде отыр.  

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты.   Оның айтуынша, Қазақстан сотталғандар саны жөнінен әлемдік рейтингте 100-орында тұр.

«Сотталғандар саны бойынша рейтингте Қазақстан 100-орында тұр. Ал 18 жыл бұрын АҚШ пен Ресейден кейін үшінші орында тұрған болатын», – деді Жанат Ешмағамбетов.

Қазір еңбекке қабілетті 14 мың адам түрмеде отыр. Оның 11 мыңы колонияларда еңбек етеді.

«Еңбек» бағдарламасы аясында сотталғандар да еңбек етіп жатыр. Кәсіпорындарда құрылыс материалдары, ағаш, темір және пластик өнімдерін жасаумен, сондай-ақ ет, сүт, нан және түрлі кондитерлік өнімдерді өндіруге атсалысады», – дейді Жанат Ешмағамбетов.